Студенттерге арнау

  25 қазанда Шахтинск технологиялық колледждің бірінші курс студенттеріне арналған ең маңызды шаралардың бірі – «Студенттерге арнау». «Жастар әлемі» атты дарынды балалардың байқауына мерекенің негізгі қатысушылары – жаңадан оқуға түскен студенттері болды.Балаларды студенттер қатарына қабылдау  – басты және маңызды дәстүр.11 топтың студенттері бізге тарихи сәтте оқуға келді, себебі осы оқу жылы Шахтинск технологиялық колледжі 55-жылдығын тойлайды! Мереке  жүргізүшілері біздің студенттер Игошкина Александра және Даулетбеков Алибек залдағы көтереңкі көңіл-күйін сақтап, ұмытылмас мерекені өткізді. Жоғары курстағы достар бірінші курстың студенттеріне кеңестер беріп, сонымен қатар студенттердің күнделікті өміріндегі кейбір классикалық ерекшеліктерді айтып берді. Мереке барысында колледждің әкімшілігі, оқытушылары және бірінші курс студенттері туралы бейнероликтер көрсетілді. Жаңадан келген студенттерге арналған құттықтау сөздер топ жетекшілер мен өндірістік оқыту шеберлеріне берілді. Олар студенттік өмірдің барлық қыр-сырларын түсінуге және білім әлемінде адаспауға көмектесуге уәде берді. Ал енді сахнада бірінші курс!Сахнада колледжіміздің жаңа дарынды тұлғалары. Әр топпен танысу ретінде олардың ерекше презентациялары болды. Байқауға қатысушылардың көрмесі жарқын және есте қаларлық. Түрлі жанрлардағы көріністерінде шығармашылық қабілеттері көрсетілді. Байқауда түрлі жанрда көптеген өлеңдер тыңдалды, олардың ішінде: гитара, попурри, скитер, замануи билер және хип-хоп стилінде флеш-моб

Көрермендер сахнадағы студенттерді шын жүректен қолдап, бірге ән айтып, қол шапалақтады, залда нағыз мереке атмосферасы орнады. Байқау нәтижелерін қорытындылау кезінде актерлік шеберлік, сахна образы, шығармашылығы ескерілді. Қазылар алқасы нәтижесінде келесідегідей номинацияларды бөлді: «Ең жақсы презентация» — ТОРА-919/2 тобы; «Ең креативті» — ЧС-919/2 тобы; «Ең көркем» — К-919/2 тобы;  «Ең ерекше» — Рудыкин Александр, ЭП-919/2 тобы; «Музыкалық шығарманың үздік орындауы» — Исабаева Асель, ВМ-919 тобы; «Ең жақсы би» — ПОТПП-919 тобы; «Шығармашылық ұжым» — ЭМ-919/2 тобы; «Ең үздік флеш-моб» — ГАЗ-919 тобы; «Ең дарынды» — СВ-919/2 тобы. «Жылдың ашылуы» номинациясы РГО-919/2 тобының студенті Мукашев Абылайханға берілді, ал «Гран-приге» әділ қазылар алқасының  бірауыздан шешімі бойынша СД-919/2 тобы ие болды.Залда студенттер әр номинацияның марапатын бірауыздан қабылдады!  ПОТПП-9182 тобының студенті Белясова Ольга мен ЧС-916 тобының студенті Шевчук Андрейдің ән шырқағаны бірінші курс студенттеріне музыкалық сыйлық. Мереке «Студенттерге арналумен аяқталды. Дәстүр бойынша 1 курс студенттеріне ерекше «өту рәсімі» өткізіліп, студенттер ант береді. Старосталар сахнадан жақсы студенттер болуға, қиындықтардан қорықпауға және өз саласының сенімді маманы болуға «Біз ант етеміз» деп уәде берді, ал залдағы көрермендер оларды қолдады. Шахтинск технологиялық колледжінің жаңа таланттарына жоғары деңгейге көтерілуді, оқуда және шығармашылықта жаңа жетістіктерге жетуді тілейміз. Шахтинск технологиялдық колледжінің студенттері қатарына қош келдіңіздер!

Еремеева С.Н., колледж оқытушысы