Адалдық мектебі

«Саналы ұрпақ» бағдарламаны іске асыру мақсатында колледжде «Адалдық мектебі» ашылды. Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының бастамасымен қолға алынған жаңа жоба.  Негізгі мақсаты – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін оқыту. Адалдық мектебі – бұл қарқынды, шығармашылық атмосфера, оқытудың ұжымдық және жеке формалары мен қатысушылардың өзара әрекеттесуі.  Сабақтарды жоғары санатты ұстазымыз, «2018 жылғы үздік білім» халықаралық әнциклопедиясында жарияланған «Білім саласында еңбек сіңірген үшін» медалінің иегері – Отубаева Галина Михайловна өткізді. Дәріс барысында Республикамызда адалдық мәдениетін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың инновациялық құралдарын қалыптастыру мәселелері зерттеліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әлемдік тәжірибесі талданды.