13 қарашада Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер және ішкі саясат жөніндегі орынбасары Нукенов Абзал Күкенұлы және Шахтинск қаласының әкімі Аймаков Сержан Жаңабекұлы жұмыс сапармен келді. Сапар барысында қонақтар колледжді дамытудың перспективалық бағыттарына қызығушылық танытты, біздің материалдық-техникалық базамызбен танысты, заманауи қондырғылармен жабдықталған газ жабдықтары бойынша, автокөліктерге қызмет көрсетіп жөндеу бойынша және тағы басқа шеберханаларға кіріп шықты. Абзал Нүкенұлы мен Сержана Жаңабекұлына Б.. Әдбікарімов атындағы мұражайға экскурсия ұйымдастырылды.