15.11.19ж. 3 корпустың №203 кабинетінде сыныптан тыс Халықаралық толеранттық күніне арналған шара өткізілді. Шараға қатысушылар ЭМ-919 тобының бірінші курс студенттері. Осы шараның мақсаты «толеранттық» деген ұғыммен танысу, студенттерде толеранттық ой-сана мен мінез-құлықтарды қалыптастыру. Шараны өткізу барысында мультимедиялық презентация, бейнероликтер, түрлі ойын сәттер қолданылды. Студенттер белсенді қатысып, кездесу барысында жүргізушілер мен студенттердің арасында эмоционалды байланыс көрінді. Іс-шара жылы, достық қарым-қатынаста өтті.