2019 жылы Шахтинск технологиялық колледжінің 55-жылдығы. Кез-келген мерейтой сияқты, бұл тарихты білуге, нақты жағдайды бағалауға және болашаққа жоспар құруға мүмкіндік. Колледждің тарихы – бұл барлық аймақтың тарихы. Біздің қала Шахтинск технологиялық колледжінің түлектерімен мақтана алады. 18-19 қарашада колледж кітапханасында РГО-19/2, ЭМ-919/2, К-919/2 топтармен тарих сағаты өтті: «Шахтинск технологиялық колледжі: тарих, оқиға, адамдар. 55 жыл». Іс-шара барысында кітапханашылар колледж қалыптасуының барлық кезеңдерін қамтыды, мұрағаттық фотосуреттер мен материалдарды көрсетіп Шахтинск аймағындағы кәсіптік білімінің тарихы туралы айтып берді. Қорытындысында студенттерге колледж тарихын біліп тану жөнінде викторина өткізілді.