Байланыссыз кездесу

 

20 қазанда дөңгелек үстелде студенттердің колледж әкімшілігімен жыл сайынғы дәстүрлу кездесуі өтті. 

Ежелгі аңыз бойынша, дана патша Артур өз серіктестерін тең ету мақсатында дөңгелек үстелге отыртты. Дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығында теңдік сезіну мүмкіндігінің арқасында жемісті талқылау мен компромисстік шешімдерді қабылдау нышаны ретінде бүгінгі күнге дейін сақталды.

Кездесуіміздің мақсаты оқу және тәрбие процесінің мәселелерін, студенттер мен әкімшілік арасындағы сәтті әрекеттестік дағдыларын қалыптастыру және конструктивті диалогты жүргізу болды. Бұл кездесу қызығушылық тудыратын сұрақтарға жауап табуға және біздің колледж әкімшілігінің өкілдерімен жақынырақ танысуға көмектесті. Кездесуге колледж директоры Сәттібиева Әлия Рахымбекқызы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Орынбасарова Малика Орынбасарқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Турсунова Әлия Маралқызы, заңгер Бурякова Елена Юрьевна, колледждің жастар кеңесінің төрағасы және 1-4 курстың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында бірінші курс студенттерінің сұрақтары тыңдалып оларға колледж әкімшілігінің түсініктемелері берілді. Көптеген мәселелерді біріктірген талқылаудан кейін кез-келген нақты мәселені жиналыс тақырыбы ретінде енгізуге болады деп сенеміз. Колледж басшылығына түсіндіріп сұрақтарымызға нақты жауап бергені үшін алғысымызды білдіреміз. Ал Сізге, қымбатты бірінші курс студенттері, оқуыңызда сәттілік тілейміз.

 

 

Колледждің жастар кеңесі=)