TechnicalSkills

 

Эксперименттік бағдарламаны іске асыру және «Электронды құрылғылар мен құралдар» мамандығы бойынша мектеп оқушыларына кәсіптік білім беру моделін тәжірибелік тестілеу аясында 29 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Шахтинск технологиялық колледжінде «TechnicalSkills» атты ойын-сауық ойыны өтті.

Бұл ойын жалпы және орта кәсіптік білім беру мекемелері арасындағы тиімді әрекеттестікті, студенттердің кәсіби бағдарлануы мен өзін-өзі анықтап кәсіби жол таңдау үшін ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылық және белсенділік ойыны барысында шешілетін негізгі міндеттер: кәсіби тесттер негізінде мектеп оқушыларының белсенді әлеметтену, бағдарлау және өзін-өзі таңдауға психологиялық дайындығын бағалау.

Осы мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін Шахтинск ауданының орта мектептердің 8 сынып оқушылары Шахтинск технологиялық колледжінде жиналды. Шараға Шахтинск ауданының 60 оқушы және 12 мұғалім қатысты. Іс-шараны «Байланыс, электроника және телекоммуникациялар» циклдік  әдістемелік комиссияның оқытушылары колледж психологымен бірге өткізді.

Ойын барысында студенттер электронды құрылғылар мен жабдықтарды іс жүзінде қолдану туралы мәселелерді шешті, электр өлшеу құралдарын қолдана отырып олардың параметрлерін және жоғары сапалы техникалық сипаттарамаларын анықтады.

Ойын нәтижесінде барлық қатысушылар грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.