20.12.2013ж. Шахтинск технологиялық колледжінде Жас кәсіпкерлер клубының іс-шараларының аясында «Бизнес-өнімдер жәрмеңкесі» өтті. Жәрмеңкеге 18 топтан 1-2 курс студенттері қатысты. Шараға Шахтинск қаласының кәсіпкерлер палатасының мамандары шақырылды.
Студенттер көптеген өнімдерді ұсынды: аспаздық өнімдер, кондитерлік өнімдер, жаңа жылдық сыйлықтар, тоқылған заттар, ағаштан жасалған нәрселер т.б.
Колледж студенттері өз қолдарымен өнімдерді дайындау технологиясын игерді, оның өзіндік құнын, кірісі мен бағасын есептеді.
Өнім дизайнының элементтері мен принциптеріне үйренді. Сатуды ынталандыру құралы студенттер жасаған жарнама. Жәрмеңке өту барысында бәсекелік рухы мен сатып алушы үшін «күрес» сезілді.
Бұл іс-шара колледж студенттерінің кәсіпкерлік дағдыларын, оның ішінде бастамашылдық, шағармашылық, өзін-өзі дамытуға деген ынтасын қалыптастырады.
Барлық қатысушыларға жеке сертификаттар берілді.
Клуб жетекшісі: Н.Бондарева