«Көңілділер мен тапқырлар клубының» ойыны

 

2019 жылғы 27 желтоқсанда біздің колледж студенттерінің арасында КТК ойындары басталды. Ойынға қатысқан келесі топтардың командалары: ГАЗ-919, СД-919, ЭП-919, ПО тпп-919, ТОРА-919.

Еске салайық, КТК төрт кезеңмен өтеді. Жеңімпаздар осы жылдың сәуір айнда өтетін финалға шығады. Сонымен қатар, финалға екінші орынға ие болған командалардың арасынан ең жақсы команда қатысады.

Бірінші кезеңнің жеңімпазы ГАЗ-919 тобының командасы болып шықты.