2014 жылдан бастап WorldSkills кәсіби шеберлік сайысы жыл сайын Қазақстанның барлық аймақтарында өткізіліп тұрады. WorldSkills халықаралық коммерциялық емес қозғалыс, оның мақсаты жұмыс мамандықтардың беделін көтермелеу және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылады. WorldSkills аймақтық, ұлттық және әлемдік деңгейлерде үнемі жүргізіліп тұратын кәсіби шеберлікті жетелдірудің және дамытудың ғаламдық орталығына айналады. Жыл сайын жарыс құзыреттіліктер саны мен қатысушылар санымен толықтырылады. 2018- 2019 оқу жылында біздің колледж базасында «Электроника» құзыреттілік бойынша құзыреттілік орталығы ашылды.
2019 жылдың 16 және 17 сәуірінде алғаш рет «Электроника» құзыреттілік бойынша WorldSkills сайысы өтті. Колледжіміздің базасында өткен сайысқа 4 қатысушы қатысты, олардың екеуі осы колледждің студенттері, ал екеуі «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенттері. Сарапшылар А.А. Ткаченко, И.А. Хамков Шахтинск технологиялық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары және Н.А. Кошкинова, Ж. Рашатхан Теміртау жоғары политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары сайыстың сапасын бағалады. Қатысушыларды тәуелсіз сарапшы колледждің әлеуметтік серіктес «Ремстройсервис» ЖШС өкілі А.Р. Староселец бағалады.
Сарапшылардың жұмысын сайыс алаңының бас сарапшысы арнайы пәндер оқытушысы М.В. Правосудов және конкурстық алаңның менеджері, ҚО БД ОӘО әдіскері М.С. Қатпа бағалады. Ұпайлардың нәтижесі бойынша 1 орын Сайлау Жанботаға бұйырды (Теміртау жоғары политехникалық колледжі, ПОВТ-2015 тобы). Шахтинск технологиялық колледжінің ЭП-916 тобының студенті Андрей Давыденко2 орынға ие болды, ал 3 орын Теміртау жоғары политехникалық колледжінің студенттері Таңатаров Бауыржан мен Шахтинск технологиялық колледжінің студенті Алмазов Адам бөлінді.
15-19 сәуір аралығында жиырма алты құзыреттілікке арналған WorldSkills Karaganda Қарағанды байқауы басталды. Біздің колледж студенттері тағы да 6 құзіреттілікке қатысты:
1) Жеңіл автокөліктерді жөндеу және оған қызмет көрсету — Жуков Иван (ТОРА-16 тобы) және өндірістік оқыту шебері М.С.Сарсекеев
2) Шаштараз өнері және сәндік косметика — Зарипова Амира (ПК-17 тобы) және өндірістік оқыту шебері Кетерлинг Е.О.
3) Слесарлық ісі — Буяльский Владимир (ЭСМ-16 тобы) және өндірістік оқыту шебері Салихов Н.Х.
4) Дәнекерлеу технологиялар — Калинин Иван (СД-16 тобы) және өндірістік оқыту шебері Гудовщиков И.А.
5) Аспаз ісі — Ильтыбаева Кристина (ОП-16 тобы) және өндірістік оқыту шебері Садвокасова А.М.
6) «Көліктің сырт істері» құзыреттілік бойынша студент Тихий Максим (ТОРА-916 тобы) 2 орынға ие болды. Студентті дайындаған арнайы пәндер оқытушысы Д.С. Замятин.