Шахтинск технологиялық колледжінде «Жігер» ЖКК 2015 жылдан бастап жұмыс істейді, ол маңызды шаралардың бастамашы болып табылады. Жастар кеңесінің төрғасы ЭП-916 тобының 4 курс студенті Алмазов Адам.
«Жігер» ЖҚҰ мақсаттары мен міндеттері
Қозғалыстың мақсаты колледждегі жастардың жан-жақты дамуына, жастарды руханы, мәдени білімді және кәсіптік тәрбиені қалыптастыруға ықпал ету, студенттердің бастамасын қолдау
Міндеттері:
– Қазақстан Республикасының жастар саясатын іске асыру;
– Мемлекеттің әлеуметтік белсенді азаматтары ретінде студенттердің жан-жақты дамуына жағдай жасап қолдау;
– Студент жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
– Студенттердің мәселелерін бірлесіп зерттеу және шешім табу
– Республикалық және халықаралық жастар ұйымдарымен және қозғалыстарымен ынтымақтастық;
– Облыста колледж жастарының мүдделерін біріктіретін бірыңғай студенттік ұйымды құру;
«Жігер» ЖКК жұмысы бекітілген жоспарға сәйкес іске асырылады.
Негізгі мақсаттардың бірі «Жігер» ЖКК бірінші курс өкілдерін жастардың қозғалысына тарту.
Колледже ЖКК жанында келесі бағыттарда клубтар жұмыс істейді:
- Пікірсайыс клубы
- Интеллектуалдық клубы
- Қазіргі заманғы би клубы
- Волонтерлер клубы
- Жас кәсіпкер клубы
- «К және Т» клубы
ЖКК жұмысына қатысу студенттерге шығармашылық потенциалын ашуға, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға белсенділік пен ерік-жігерді дамытуға, өмірдік қиыншылықтарын жеңуге, қоғамның әлеуметтік-мәдени және саяси-экономикалық ұтқыр болуға мүмкіндік береді. Студенттер өздері-өздеріне міндеттерді қояды, ұжымдық мәселелерді шешуге бағытталған іс-әрекеттерді ұйымдастырады, жеке қарым-қатынасты және қоғамдық пікірлерді қалыптастырады.