9-сынып ата-аналарымен кездесудің тақырыбы «Мамандық таңдау – өмір сапарының негізі»

 

2020 жылғы 7 ақпанда № 6 орта мектепте Шахтинск технологиялық колледжінің кәсіби бағыт берушілердің 9-сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесуі өтті, кездесу болашақ мамандығын таңдау мәселесіне арналды. Кездесуге мектеп директорының ОІ жөніндегі орынбасары М.В. Фефелова, 9-сыныптың сынып жетекшілері, ата-аналар қатысты. Іс-шарада колледж директорының АТ жөніндегі орынбасары Р.Р. Мариенко, кәсіби бағыт берушілер Н.С. Тасмасыс, Ф.Т.Шмакова екі колледжді біріктіргеннен кейін колледждің жаңа құрылымымен таныстырып, күндізгі және сырттай оқу мүмкіндіктері туралы айтты, колледж әзірлеген презентация материалын көрсетті. Таратылатын материал ретінде күндізгі және сырттай оқу нысандары белгіленген буклеттер берілді. Кездесу соңында кәсіби бағыт берушілер сұрақтарға жауап берді, барлығы 2020 жылдың сәуір айында өтетін Ашық есік күніне шақырылды.