Қарағанды облысында » жастар жобасы «Сарыарқа саңлағы». ҚМҚК –де Абай 175 жылдығы мен Әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу аясында пікірталас турнирі өтті.
Дебаттар-белгілі бір ережелер бойынша жүргізілетін пікірталастың ерекше түрі болып табылатын зияткерлік ойын. Дебаттар логикалық және сыни ойлауды дамытады, коммуникативтік мәдениет пен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастырады, дербес шешім қабылдауға дайындайды,тұлғаның қоғамның болашақ көшбасшылары ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Бүгінгі таңда дебаттар Қазақстандағы жастар қызметінің ең танымал түрлерінің бірі болып табылады. Біздің колледжде да «Парасат»дебат клубы бар.
Пікір-сайыс клубының міндеттері:
- Шешендік шеберлікке және пікірталас жүргізу ережелеріне үйрету;
- Жас ұрпақ арасында өздігінен білім алу қажеттілігін дамыту
- Даулы жағдайларды дипломатиялық жолмен шешу қабілетін дарыту
- Мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру бойынша жаңа идеяларды анықтау.
«Парасат» дебат клубының негізін қалаушы ШТК Когабаева Назира Жарылғасынқызы
Status Quo
Бүгінгі таңда «Парасат ШТК» дебат клубына 10 адам кіреді.
Абайдың 175 жылдығы мен әл –Фарабидің 1150 жылдығы аясында қалалық дебат турнирінің жеңімпаздары атанды:
І-орын –
«Ақиқат қыздары» Жарбосынова Гулвира & Оразбаева Карина
ІІ-орын –
«Сұңқар» Дакен Мөлдір & Альханова Жансая
ІІІ-орын –
«Аманат» Жамантаева Айкен & Мамбетова Балнұр
Ең үздік спикер: Жарбосынова Гулвира
Үздік спикер: Дакен Мөлдір
Ең үздік төреші: Нуритдинов Рамазан
Оқытушы Н. Когабаева