2020 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері және Қазақ КСР кәсіптік-техникалық білім берудің еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының педагогикалық ғылымдар Академиясының, Халықаралық ақпараттандыру академиясының және Рәсей кәсіптік білім беру академиясының, академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Болат Әбдікаримовивч Әбдікаримовтың туылғанына 81 жыл болды.
Колледж мұражайы – әртүрлі деңгейдегі іс-шараларға арналған интерактивті алаң болып табылады. Мұражай толықтай өмір сүруі үшін бізге Болат Әбдікаримовтың жақын адамдарынан табуға болатын жаңа ақпарат қажет.
19 ақпанда ауа-райының қолайсыздығына және тығыз кестеге қарамастан, колледжге Болат Әбдікаримұлының ұлы техника ғылымдарының кандидаты, Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Абдікаримов Аян Болатұлы келді. ГАЗ-919 тобының студенттері мен колледж оқытушыларымен ғалымды еске алуға арналған кеш Аян Әбдікаримовтың арқасында өтті.
Кездесу өте жылы әрі ашық өтті. Студенттер Аян Болатұлының жұмысына және бос уақытына байланысты қарапайым сұрақтарға қызығушылық танытты. Қонағымыз барлық сұрақтарға ашық жауап берді.
Қатысушылардың барлығына бұл белгілі тұлғаның отбасы мүшелерінен алған білімімізді жаңа фактілерімен және эмоциялармен толықтырудың ерекше мүмкіндігі болды.
Аян Болатұлы біздің студенттерімізге жалқау болмауға және кәсіби шеберлікке жетуге бар күш-жігерін салуды тіледі, өйткені кәсіптік білім – бұл еліміздің табысты дамуының кепілі.
Колледж ұжымы Әбдікаримовтер отбасына тығыз ынтымақтастық үшін және мұражай құру кезінде мұрағат құжаттарын ұсынғаны үшін алғыс білдірді.