«АрселорМиттал Темиртау» КД өкілдерімен жұмыс кездесуі

 

19 ақпанда колледжде Шахтинск қ. әкімі С.Ж. Аймаковтың, әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С.Б. Жаппаровтың  қатысуымен «Арселор Миттал Теміртау» КД департаментінің директоры А.И. Черномазбен, бас механигі А.А. Тротпен, персоналды басқару жөніндегі бөлім бастығы Р.Г. Логуновпен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында қонақтар өндірістік оқу шеберханаларына кіріп шықты, оқу мекеменің және «Арселор Миттал Теміртау» КД кәсіпорындары арасындағы кәсіби дайындық, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру және тау-кен колледжінің түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері жөнінде өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін талқылады.