«Еңбек» атты 2017-2021 арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында студенттермен кездесу

 

2020 жылғы 24 ақпанда Жастар ресурстық орталығының және қалалық жұмыспен қамту орталығының өкілдері  колледжді бітіру топтарының студенттерімен кездесті. Кездесуге ресурсты орталығының жетекшісі Ф.А. Мусина, орталықтың заңгері С.В. Исакова, мемлекетті қызмет көрсету және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша мамандар  Ж.Т. Хамитов және М.Б. Серик қатысты.

Қонақтар студенттерді қолданыстағы әлеуметтік бағдарламалармен таныстырды: «Өзіңіздің әлеуметтік жобаңызды ұсыныңыз», «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыстар деген не?», сұрақтарға жауап берді, жастарға арналған буклеттер таратылды.

Кездесуге келесі топтарының студенттері белсенді қатысты: ТПП-916,ЧС-916,ЧС-917,ЛФ-917,поТПП-917,ЭП-917,РГО-17.