Көрнекті ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл

 

2020 жылы көрнекті шығыстық ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толады.

Колледж кітапханасында ұлы ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған «Әл-Фарабидің 1150 жылдығы» атты кітапхана көрмесі жасалды.

Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби.

Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, жасы 20-ға толғанға дейін Отрарда өмір сүрді, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді, сонда философия мен ғылыми жұмыстармен танысуға мүмкіншілік туды (Александр кітапқоймасынан кейін екінші болып саналатын). Одан кейін ол Бухара мен Самаркандта оқып жұмыс істеді, көптеген жылдар Араб Халифатының мәдени және саяси орталық қаласы Бағдадта өмір сүрді.

Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Каир Алеппо және Дамаск қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен  ақырғы жылдарын өткізді. 950 жылдың желтоқсан айында 80 жасқа келіп Әл-Фараби Дамаск қаласында қайтыс болды.

Әль-Фараби ертеден Аристотель, Платон және тағы басқа грек философтардың тұпнұсқадағы жұмыстарымен танысуға мүмкіншілігі болып, философиясындағы шығыс перипатетизмнің негізгі қалаушы болды, соның арқасында «Екінші Ұстаз» атауына ие болды.

Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (200-ден жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия.

Әл-Фарабидің есімі әлемдік ғылым мен мәдениеті тарихына мықтан енді. Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды.

Кітапхана барлығыңызды оқу залына Әл-Фарабидің тұлғасымен толығырақ танысуға шақырады. Мүны кітап көрмесі немесе Интернет арқылы жасауға болады, онда оқырмандарға арналған 6 автоматтандырылған жұмыс станциясы жұмыс істейді.