«Ғажайып әлемдегі Алиса»

 

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында адамзаттың әдемі жартысы – біздің сүйкімді ханымдарымызға арналған колледжде салтанаттышаралар өтті.

Мерекелік марафон 05 наурызда ашылды. Таңертеннен бастап бас ғимараттың кіреберісінде екі ертегі кейіпкері Смурфик пен Смуртфета әр бір  сұлу ханымға арналған  «тәтті сыйлықпен» қарсы алды.  Содан кейін, кестеге сәйкес «Ғажайып әлемдегі Алиса» ертегісі стилінде мерекелік концерт өтті.

Онда тамаша әндер шырқалды, ГАЗ-919 тобының КВН командасының көктем әзілдері, СД-919/2 тобының әсем билерікөрсетілді – біз бәріміз әдемі ертегіге ендік. Мерекелік концерттің нәтижесінде колледж азаматтарынан «Шахтинск технологиялық колледжінің әдемі әйелдеріне» торт сыйға тартылды. Бұл күн жылулықпен, жарқын қуанышпен есте қалды.

Наурыздың 06 күні СД-919/2 тобың 5 студенттерден құрылған үгіт бригадасы барлық топтарды аралап, біздің сүйкімді қыздары – колледждің 1-4 курс студенттерін құттықтады.

Құрметті әйелдер мен қыздар, студенттер, оқытушылар және колледж қызметкерлері! Сіздерді 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге көктемдегі көңіл-күй, қуаныш, махаббат және отбасыңызға амандық тілейміз!  Сіздің күлкіңіз әрқашан осы әлемді жарқыратсын!