Ұлы Абайдың ұрпақтары

 

2020 год – год 175-летия Абая Кунанбаева. Этому юбилею посвящен конкурс «Потомки Великого Абая», в котором приняли участие студенты Шахтинского технологического колледжа.

Биыл қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай әр түрлі мерекелер жер-жерде аталып өтілуде.  Сондай іс-шараларды өткізуге Шахтинск технологиялық колледжінің студенттері де ат салысуда. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен колледж қабырғасында  дәстүрлі «Абай оқулары» өткізілді. Сондай-ақ, онлайн байқауларға қатысуда.

Жас ұрпақтың Абай атамыздың мұрасын оқып өз бойларына тәлім-тәрбие, білім, адамгершілік қасиеттерін сіңіріп жатқандарын көргенде жүрегімізде қуаныш сезімі ұялайды. Себебі ақынның қай шығармасы болмасын, астарында үлкен тәлім – тәрбие жатыр.