Бүгін «Мен – еріктімін» бейнероликтер байқауының қорытындысын шығарамыз.
Байқаудың мақсаты: еріктілік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, еріктілік қызметке қатысуға достар мен таныстарды тарту.
Байқау 3 кезеңде өтті:
16.03-13.04 аралығында-өтінім беру кезеңі, бейнероликтер дайындау;
14.04-19.04 аралығында-онлайн-дауыс беру;
20.04-финал, қорытынды шығару.
Онлайн-дауыс беру нәтижелері:
1 орын – ГАЗ -919, 29% дауыс (544),
2 орын – ПОтпп-918, 19% дауыс (361),
3 орын – ПОтпп-919, 18% дауыс (344).
Дауыс беруге барлығы 1904 адам қатысты.
Еріктілер жылына арналған «Мен- еріктімін» бейнероликтер байқауына қатысқаны үшін келесі топтарға алғысымызды білдіреміз: ЧС-919/2, ГАЗ-918, РГО-18, ТОРА-919/2, РГО-919/2 (Тоқанов Руслан), СВ-918/2, СД-919/2!
Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау карантин аяқталғаннан кейін колледжде салтанатты жиында өтеді.
#ГОДВОЛОНТЁРА #BIZBIRGEMIZ #СПЕШИТЕДЕЛАТЬДОБРЫЕДЕЛА #ВОЛОНТЁР #ШТК