Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың өсуі қоғамның қарқынды әлеуметтік ыдырау, халықтың едәуір бөлігінің өмір сүру деңгейінің төмендеуі, ұлтаралық қақтығыстардың шиеленісуі, отбасылық-неке қатынастарының қолайсыз дамуы, кәмелетке толмағандармен қарым-қатынастың әртүрлі көріністерінің өсуі, көшедегі балалар санының көбеюі, есірткі мен алкогольді ішімдіктерді пайдалану жағдайларында орын алады.
Бұл жағдайда, біздің ойымызша, әлеуметтік, экономикалық және тәрбиелік шаралар өте маңызды. Осы мақсатта колледж студенттермен және олардың ата-аналарымен әңгімелер жүргізеді, берекесіз отбасыларға барады, сонымен қатар кәмелетке толмаған балалардың ісі жөніндегі инспекцияда тіркелген немесе балалары тәуекел тобына жататын отбасылармен кездеседі (бұл жеткілікті өркендеген отбаслардың балалары болуы мүмкін).Статистика көрсеткендей, көптеген қылмыстарды 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер жасайды. Жасөспірімдер арасындағы ең «танымал»қылмыс бұзақылық, ұрлық, тонау, көлік ұрлау, тонау. Әрине, біз кәмелетке толмағандардың мәдени және білім деңгейін көтеруге көп көңіл бөлуіміз керек, отбасында балаларды адамгершілікке тәрбиелеуге қолайлы жағдай туғызуымыз керек, балалар бос уақытын өткізе алатын, үйірмелер, спорт секцияларын құруымыз керек.Балалардың да, олардың ата-аналарының да құқықтық білімі үлкен рөл атқарады. Әр адам қылмыс деген не және ол үшін не болатынын нақты түсінуі керек.Сондықтан кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына кейбір ережелер туралы еске салған жөн. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің 80-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кәмелетке толмағандарға қылмыстық жауапкершілік 14 жасынан бастап осындай қылмыстар үшін тағайындалады: адам өлтіру, қасақана ауыр зиян келтіру, зорлау, бұзақылық, ұрлық, тонау, бұзып тонау, қорқытып алу, терроризм актісі, терроризм актісін көрінеу жалған хабарлау, вандализм, өлгендердің денелері мен жерлеріне қиянат жасау.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің 140-бабында ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң басқа да жұмыскерiнiң кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi міндеттерін тиісінше орындамауы – қылмыстық жауапкершілікке тартылады (яғни кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын пайдалануы немесе еріксіз немесе қайыршылықпен айналысуы, немесе қылмыс белгілері бар әрекетті жасау, қасақана қылмыстық теріс қылық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасауы)
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының жаңа әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен басқа да заңды өкілдерінің әкімшілік жауаптылығы қарастырылған.
Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру мiндеттердi орындамауы –
7 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Кодекстің 132 бабында кәмелетке толмағандарға түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) ойын-сауық орындарда болуына рұқсат бергені үшін жеке тұлғаларға, шағынжәне орта кәсіпкерлік субъектілеріне тиісінше 30 және 45 айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.
Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру заңды өкілдерге – 3 есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Үйлерден тыс жерде (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін) еріп жүретін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне ескерту беріледі.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, заңды өкілдерге 15 көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. (ҚР ӘПКо 442б.)
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін жасөспірімдерге қандай істерге, не үшін әр түрлі жауапкершілік жауаптылыққа тартылатындықтарын түсіндіріп қана қоймай, сонымен бірге оларға мүмкін болатын мінез-құлқының заңсыз әрекеттерін де түсіндірген жөн.
Қарағанды облысының басты дәрігердің қаулысына келісімді коронавирус инфекиция COVID – 19 (әрі қарай КВИ) жағдайына байланысты АҚПАРАТ:
№ 12 – к 2020 жылғы 16.04. бастап аймаққа КВИ әкелінуін және таратылуын болдырмау мақсатында тұрғындарға ерекше өмір сүру жағдайлары бар карантин режимі енгізілді, ШЕШІЛДІ:
– 2020ж.15.03. № 285 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына келісімді және 2020 жылғы 17 наурыздағы № 2 Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша Мемлекеттік комиссияның шешімі,
– қасында ересек жастағы тұлға болмаса кәмелетке толмаған балалардың қозғалысына тыйым салынсын.
Қаулының талаптарын сақтамағаны үшін бұзушылар ҚРК 476 бабының 6 бөлігі бойынша 10 АЕК айыппұл салумен немесе 15 тәулікке қамауға алынып әкімшілік жауапкершілікке тартылады.