Менің болашақ мамандығым

 

«Ақыл-кеңестерді тыңдағанда – мамандық таңдау тек өзіңнің таңдауың екенін ұмытпаған маңызды…»

2020 жылдың 29 сәуірінде сағат 15:00-де Бұқыр жырау атындағы Орталық қалалық кітапхана және «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК біргелесіп «Мамандық таңдау оңай да, қиын да» тақырып бойынша онлайн шара өткізді. Іс-шара инстаграм жазылушыларымен өтті. Болашақ колледж студенттерінің сапалы білім алуына қатысты мәселелер талқыланды. Іс-шараның барысында барлық мамандықтар, оқу мерзімдері, материалдық-техникалық база, оқуға түскен кездегі құжаттар тізімі айтылды. Колледждің сайты жарияланды, онда 2020 жылғы үміткерлер қызықтыратын барлық мәліметтерді көре алады.

Болашақ мүмкіндігі бар мамандықтар жоқ, бірақ болашағы бар мамандар бар.

Шахтинск технологиялық колледжіне қош келдіңіздер!