Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында Шахтинск технологиялық колледжінің еріктілері соғыс ардагері мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барды. Кездесу барысында Чирышев Николай Ионович еріктілермен Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиын кездер жайлы ой бөлісті.Ұлы Отан соғысы қатысушыларының жанында өткізілген минуттар әр студент үшін құнды. Біздің әрқайсымыз үшін бұл жай ғана кездесу емес, бұл дәстүр, бұл бейбіт аспан үшін күрескендердің барлығын құрметпен еске алып, арқайсына жеке «рахмет» айтып, тағзым етеміз. Еріктілер барлығына азық-түлік жиынтығын дайындады. Студенттер тыл еңбеккерлеріне: Комов Василий Сергеевичке, Крупина Мария Александровнаға, Волкова Вера Александровнаға алғыс айтты. Осындай кездесулер жас ұрпаққа соғыстың ауыр күндерінде қалған адамдардың ерліктері туралы естелікті сақтауға көмектеседі.Олардың батылдығы мен батырлығы, табандылығы арқасында біздің өмір сүруге, еңбек етуге және бақытты болуға мүмкіндігіміз бар!
#ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ#ЖЕҢІС КҮНІ#75ЖЫЛ#BIZBIRGEMIZ#ШТК