Халықаралық қарттар күнімен!

1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында 1 қазан Халықаралық қарттар күні болып жарияланды. Бұл мереке Еуропада, кейінірек Америкада атап өтіле бастады, тек 90-шы жылдардың аяғында бүкіл әлемде танылды.

Біз үшін бұл ерекше күн. Бұл жылулықты, құрмет пен махаббатты білдіретін мереке, ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының, уақыт байланысының символы.

Қарттар күні – біздің әкелеріміз бен аналарымызға, соғыс, еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге, Шахтинск аймағының қарт тұрғындарына көп жылдық адал еңбегі үшін, тәжірибе мен мейірімділік және даналығы үшін жылы сөздер айтуға тамаша мүмкіндік.

Еңбек сіңірген демалыста жүрген немесе жасына қарамастан жұмысын жалғастыратындардың барлығын құттықтаймыз. Өткен жылдар үмітсіздікке себеп болмасын, ал өмірге деген көңіл-күйіңіз бен күшіңіз ұзаққа жетсін!

Халықаралық қарттар күнін мерекелеу аясында Шахтинск технологиялық колледжінің еріктілері мерекелік бейнеролик дайындады.

Сіздерге зор денсаулық, рух сергектігін, ұзақ бақытты өмір, жақындарыңыз бен туыстарыңыздың сүйіспеншілігі мен ықыласын тілейміз!

 

#деньпожилогочеловека#bizbirgemiz#ШТК