2020 жылдың 5 қазанында жаңа оқу жылында колледждің Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер өкілдері, ата-аналар өкілдері қатысты
Алғы сөзбен колледж директоры А.Саттыбаева және қамқоршылық кеңес төрайымы Е. Орлова сөз сөйледі.
Келесі мәселелер қарастырылды: Қамқоршылық кеңестің құрамына өзгерістер енгізу туралы, Кеңестің 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту; колледждің 2020-2021 жылдарға арналған мақсаттары мен міндеттері, қызметінің негізгі бағыттары; жаңа оқу жылына арналған мемлекеттік тапсырыстың орындалуы туралы ақпарат.
Отырыс мәселелерді талқылаумен және жұмыс берушілердің тілектерімен аяқталды.