16 қазан күні ZOOM режімінде Шахтинск технологиялық колледжінің оқытушыларымен рухани келісім күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар: Жакупов Г.С., Когабаева Н.Ж., Евдокимов И.В. Шараға ЛФ-20, ВМ-920, СВ-20, ПОТПП-920 топтардың студенттері белсенді қатысты. Шахтинск қаласы «Нұр» мешітінің бас имамы Ибраев Асет Наурзбаевич және шәркеудің батюшкасы Патрикеев Дмитрий Михайлович шараның басты қонақтары болып келді.
Имам Асета Наурзбаевич пен батюшка Дмитрий Михайловичтің әңгімесі студенттердің қызығушылығын тудырды. Презентацияны көрсеткеннен кейін имам мен батюшкаға студенттер сұрақ жауап рәсімі бастады. Студенттерді толғандыратын сұрақтар қойылды: «Литургия» дегеніміз не?, Рамадан айында темекі тартуға бола ма? және т.б.
Қазақстанда Рухани келісім күні 19921 жылдан бері аталып келеді. 1992 жылдың 18-19 қазанында Алматы қаласында барлық конфессияның өкілдері, ғалымдар, мәдениет қызметкерлері жиналған рухани келісімнің Бірінші Дүниежүзілік конгрессі өтті.
Рухани келісімнің күні – қақтығыс пен жанжалға мораторий салынған күн, келісімді іздеу, мейірімділік пен жақындарға көмек көрсету күні.