Қамқоршылар кеңесі

Қамқоршылық кеңестің отырысы

   2022 жылғы 26 қазанда «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК Е.Орлованың төрағалығымен колледждің Қамқоршылық кеңесінің ұйымдастыру отырысы өтті.

   Жаңа оқу жылында Қамқоршылық кеңестің құрамын өзгерту мәселелері қаралды, кеңестің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітілді. Кеңестің жаңа құрамына «Қазақстан», «Ленин атындағы», «Тентек» шахталарының директорлары кірді.

   2021-2022 оқу жылындағы колледж қызметінің қорытындылары туралы, жаңа оқу жылына арналған мақсаттар мен міндеттері туралы  директордың м.а., директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары В.Тарасова, ал мемлекеттік тапсырыстың орындалуы және ағымдағы оқу жылына қабылдау қорытындылары туралы – бөлім меңгерушісі К. Байсеитова сөз сөйледі.

Шахтинск технологиялық колледжінде Қамқоршылар кеңесі 2016 жылдан бастап жұмыс істейді. Өзінің жұмыс барысында Қамқоршылар кеңесі Қазақстан Республикаының заңнамасын, Ережелерін, сондай-ақ білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады. Қазіргі уақытта Қамқоршылық кеңестің құрамына  әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестіктердің өкілдері, сонымен қатар ата-аналар қауымдастығының өкілдері кіреді.

Қамқоршылар кеңесі бекітілген жоспарға сәйкес тоқсан сайын жиналады. Жыл сайын, оқу жылының қорытындысы бойынша, кеңестер отырыстарында колледждің қызметі туралы әкімшіліктің есептері тыңдалады, колледж түлектерінің қамқоршылық кәсіпорнына жұмысқа орналасуы, колледждегі кәсіптік білім беру шеберлерінің практика мәселелері қарастырылады. Қамқоршылық Кеңестің мүшелері колледждің әлеуметтік маңызды шараларына тұрақты қатысады, қаржылық қолдау көрсетеді, білім сапасын қамтамасыз ету мақсатында колледжді әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстар жасайды.