Кәсіптік практиканың ұйымдастырылуы

 

Колледждегі кәсіптік практика кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу ережелеріне және ұйымдарды практиканың базасы ретінде анықтау ережелеріне сәйкес өткізіледі. Колледж студенттердің кәсіптік практикасы бойынша әр түрдегі құжаттар жинағын әзірледі. Студенттерді кәсіптік практиканың барлық түрлеріне бағыттау практиканы өту мерзімі, базасы және практика жетекшісі көрсетілген колледж директорының бұйрығымен рәсімделеді.  Кәсіптік практика жұмыс оқу бағдарламаға және жұмыс оқу жоспарына сәйкес бөлінеді: оқу (танысу), өндірістік (технологиялық) және диплом алдындағы практика. Оқу практиканы өткізу үшін колледжде арнайы пәндердің 15 кабинеті, 6 зертхана, 7 шеберхана бар.

«Төтенше жағдайларда қорғану» мамандығы бойынша оқу практикалары өрт сөндіру қызметінің Департаменті (СПЧ-25, ПЧ-26), «Құрылысмен» ЖШС, «ВАСС Көмір» АҚ, «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының» филиалы кәсіпорындар-әлеуметтік серіктестіктер базасында өтеді:

-полигонды;

-авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарын пайдалану бойынша практика;

-такелаждық-іліп тасу жұмыстар бойынша кәсіптік дағдыларға үйрену практика;

-медициналық дайындық бойынша практика.

2018-2019 оқу жылы кәсіптік практиканы өту үшін 97 шарт бекітілді, оның ішінде Шахтинск аймағында 82, Қарағанды аймағында 13, Астана қ. -2. Шартты бекітуде байқалмайтын төмендеу динамикасы анықталады, алайда бұл студенттерді практика базасымен қамтамасыз етуге әсер етпейді.

 

 

Сурет. Кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша шарттардың барысы.

 

«АрселорМиттал Темиртау» КД АҚ, «Автобусный парк № 3» ЖШС филиалы, «Ремстройсервис» ЖШС, «Альтаир-2007» ЖШС, Қарағанды облысының Өрт сөндіру Департаменті, «Молодежное» кафесі, «Салтанат» сәбилер-балабақшасы КМҚК, Шахтинск қ. кәсіпкерлер Палатасының филиалы, Жеке кәсіпкерлер және т.б. кәсіпорындарымен ынтымақтастық жолында оңды тәжірибесін атап өткен жөн.

 

Технологиялық және диплом алдындағы практиканы ұйымдастыру келесідегідей іске асырылады:

  • Алдын-ала кәсіпорынның басшылығымен практиканың жоспар-кестесі келісіледі;
  • Шарт 2 данада бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге жасалады, кейіннен ұзартылады;
  • Кәсіпорынның бұйрығымен студенттер ұстазға бекітіліп кәсіпорыннан практикаға жауапты тұлға тағайындалады;
  • Студенттер кәсіптік практика күнделіктерін жүргізеді;
  • Кәсіптік оқыту шеберлері практика жұмысының топтарында, ал арнайы пәндер оқытушылары колледж бұйрығымен тағайындалған практика әр бір түріне колледж топтарындағы практиканы бақылайды;
  • Практика соңында студенттер жоспар-кестеге сәйкес есеп береді.

Практика барысында студенттердің бағдарламаны орындалуын тексеру өндірістен және колледжден практика жетекшілерімен жүйелі түрде жүргізіледі. Практиканы  ұйымдастырудың және өткізудің барлық аспектілері бойынша мониторинг пен талдауды директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары іске асырады.    Барлық түрдегі практиканы өту үшін колледж студенттерін қабылдаған кәсіпорындар студенттердің біліміне қанағаттандырылды, олардың жұмысқа деген көзқарасына және орындалған жұмыстың сапасына жақсы баға береді, мұны анкеталық мәліметтер растайды. Осылайша, кәсіптік практиканы ұйымдастыруды талдау колледждің іскери ынтымақтастық пен кәсіби практика үшін жаңа әлеуметтік серіктестер табуда белсенді жұмыс істеп жатқандығын көрсетеді. Әлеуметтік серіктестердің тізімі жыл сайын толықтырылады және Шахтинск аймағынан тыс шығады, тәжірибе базаларының болуы 100%  құрайды.