Шахтинск технологиялық колледжіндегі кәсіптік бағдар беру жұмысы-бұл Шахтинск аймағының мектептері мен облыстың ауылдық жерлердегі аудандары түлектерінің қоғамдық пікірін және кәсіби бағдарын қалыптастыру.
Колледжде кәсіптік бағдар беру компаниясын өткізу бойынша жұмыс тобы құрылып жұмыс істейді, колледж бойынша бұйрықпен кәсіптік бағдар беру компаниясы жұмысының әртүрлі учаскелеріне жауаптылар тағайындалды, әрбір мектепке кәсіптік бағдар берушілер бекітілді. 2019 жылғы қарашада бекітілген кестеге сәйкес кәсіптік бағдар берушілермен Шахтинск аймағының барлық 12 мектеп араланды, кәсіптік бағдар берумен 784 оқушы қамтылды, оның ішінде 9-сыныптың 530 оқушысы. Оқушыларға колледж мамандықтарының презентациясы көрсетілді, қатысқан оқушылар буклеттер алды, әңгімелесулер мен сөз сөйлеулер өтті.
Бүгінгі күні «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК келесі мамандықтарды дайындайын Қарағанды облысының жалғыз оқу орны: «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану» біліктілігі: «Газ объектілердің жабдықтарын пайдалану жөнінде техник», «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» біліктілігі: «Лифт электромеханигі».
Басқа қаладан келген студенттердің санын, сондай-ақ Қарағанды облысында жоқ сұранысқа ие мамандықтар бойынша мамандар даярлау қажеттілігін негізге ала отырып, колледжде саны 80 адамға арналған жатақхана құрылысы басталды.
Ашылу 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған.
Сізге ұнайтын мамандықты таңдаңыз!