Мамандық таңдағанда әр адамда маңызды сұрақ туындайды, барлық «Жақсы және жаман» дәлелдері. Әдетте бұл мәселе мектепті бітірер алдында тұр.
Болашақ мамандарды уақытында оқуға тарту үшін «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК 2020 жылдың 20-27 қарашасы аралығында бекітілген кестеге сәйкес шахтинск аймағының барлық мектептеріне кәсіби бағдар беруді онлайн өткізді.
IT-бөлімінің мамандарымен мектептердің пошталық мекенжайларына сілтемелер жіберілді, іс-шаралар zoom қосымшасының видиобайланыс режимінде өтті.
Кәсіптік бағдар беруге жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбынан 158 оқушы қатысып, олар «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК мамандықтарымен, материалдық-техникалық базасымен, колледжге түсу қағидаларымен және оқу мерзімімен толық танысты.
Колледждің кәсіби бағдар берушілері кәсіби бағдарлы презентация ұсынды, оған №6 ЖББМ, №1 және 5 мектеп-гимназиясының, №2,12,4 ЖББМ оқушылары мен оқытушылары белсенді қатысты.