ВМ-918 тобының студенттері «Терроризмге, экстремизмге жол жоқ!» республикалық акциясына қатысты.
Студенттерге Қазақстандағы діни экстремизм-бізде кең көлемде көрініс таппаған екенін түсіндірілді. Республика аумағында әлеуметтік және саяси базаның болмауы себебінен террористік және экстремистік көріністер үшін ішкі алғышарттар жоқ, бұған біздің ел басшылығы жүргізіп отырған салмақты саясат ықпал етеді.
Экстремистердің іс-әрекеттері мемлекет институттарына ғана емес, сонымен бірге әрқайсысының жеке қауіпсіздігіне де бағытталған. Бұл ұйымдар қазақстандық қоғамдағы конфессияаралық алауыздықтың, әлеуметтік, ұлтаралық және саяси қақтығыстардың көзі мен факторы ретінде республиканың ұлттық қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіреді, олар демократияға орын болмайтын теократиялық мемлекет құруды, дінді таңдау еркіндігін уағыздайды.
Біз елімізде ұлтаралық және конфессияаралық негізде ешқашан қақтығыстар болмаған қазақ халқының даналығына тағы да көз жеткіземіз. Қазақстан ешқашан қандай да бір қақтығысушы елдерді тек этностық немесе діни көзқарастарға сүйене отырып қолдаған емес. Қазақстанда ешкімге «сөз бостандығын» жамылып, ұлттық немесе діни қадір-қасиетін қорлауға жол берілмейді.