Уақыт ағымы бізді сол тарихымызға кірген, тәуелсіздікке қол жеткізген күннен алыстатып бара жатыр.
Өткенді ұмытпай, болашаққа нық қадам жасап, «Мәңгілік ел» құру мақсатымен келе жатқанымыға биыл 29 жыл. Осы жылдары талай қиындықтардан өттік, талай сабақ алып, көптеген жетістіктерге жеттік.
Қазақстанның жаңа тарихын егемен елде туып, ер жеткен жастарымыз құруда.
Еліміздің алғашқы президенті, Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жастарға айтқан үңдеуі ел есінде: «Біз сендердің білікті маман, болашағы жарқын, отаншыл азамат болып өсулерің үшін барлығын жасап келеміз. Сендердің алдарыңнан ата-бабаларың армандап, көрмеген ғаламат мүмкіндіктер ашылуда. Біздің жеңісті жолымыз, елдік пен тәуелсіздіктің киелі көк туын ХХІ ғасырда асқақтата желбірететін – жастар, сендер боласыңдар! Ел бірлігін көздің қарашығындай сақтаңдар!».
Біздің колледжіміздің жастары да, мемлекеттік іс-шараларға белсене қатысады. 10 – желтоқсан күні өткен «Менің туым – менің елім» акциясына қатысты.
14 – желтоқсан күні Тәуілсіздік күніне орай ұстаздар мен студенттеріміздің қатысуымен онлайн форматта мерекелік іс-шара өтті.